14:54, 17 Қазан 2015 | GMT +5
Талдықорғанда қаза тапқан құрылысшылардың жанұяларына 1 млн. теңгеден төлейді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қаза тапқан екі құрылысшы Жасұлан Жантабаев пен Серік Қонарбаевтың жанұяларына 1 млн. теңгеден төлейді. Бұл туралы облыстық әкімдікте мәлім етті.

Оқыс оқиға бүгін таңертең Талдықорған қаласындағы «Арман» зауыты маңындағы ауданда салынып жатқан ғимараттардың бірінде орын алды.
Жұмысшылар сылақ жұмысын жүргізіп жатқанда, итарқасынан құлап түскен. Екеуі оқиға орнында көз жұмды. Жігіттің екеуі де 25 жаста болған. Үшеуі облыстық ауруханаға жеткізілді. Оларға 300 мың теңгеден төленеді.
«Арман» зауытының ғимаратын шағын отбасылық көп пәтерлі тұрғын үйге келтірумен айналысқан мердігер «СНУКЕР» ЖШС барлық шығынды өтеуге уәде берді.