Талдықорғанда Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығы кеңінен атап өтілуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы, композитор Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығы аталып өтілуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Н.Тілендиев - қазақ музыкасының сайыпқыраны» танымдық сағаты ұйымдастырылып, композитор атындағы музыка мектебінде мектеп түлектері концерт қойды. Мұнан кейінгі шаралар І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жалғасып, хас таланттың «Өнермен өрнектелген өмір» кітап көрмесі ашылады. «Музыка бәйтерегі» атты бейнефильм көрсетіліп, композитор шығармаларынан Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы «Өз елім» атты концерттік бағдарламасын ұсынады.

Соңғы жаңалықтар