Талдықорғанда Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті

«Мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындаған болашақтың бағдарламасы ретінде Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы жарық көріп, онда Президент алдымызға дамыған отыз елдің қатарына ену міндетін қойды. Осы мақсатқа жетудің жолы ретінде алдағы жоспарымызды жуырда ғана жариялаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында атап айтты. Жолдауда дүниежүзілік дағдарыстың салдары көрсетіліп, жаңа экономикалық саясаттың басымдықтары айтылды.
«Нұрлы жол» - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты бағдарлама. Елбасы Жолдауында Мәңгілік Ел идеясын тағы да шегелеп айтты. Қазақстан - Мәңгілік Елдің Отаны», - деді А.Баталов. Сарабдал саясатының арқасында Елбасы елімізді қиындықтан сүріндірмей алып шыққанын айта келе, Президенттің әлемдік аренадағы беделінің зор екенін де атап өтті. «Ең алғаш Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға бастамашы болған да Елбасы. Бұдан басқа Кеден Одағы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың дүниеге келуіне Елбасы себепші болды. 2010 жылы Қазақстан Елбасының бастамасымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Сонымен бірге, біз Ислам ынтамақтастық ұйымына үлкен абыроймен басшылық жасадық. Мұның барлығы Елбасының халықаралық аренадағы биік беделін көрсетеді. Біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жерлестері екенімізді мақтан тұтамыз. Және бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», - деген облыс әкімі маңызы зор мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен құттықтап, ертеңіміз Елбасымызбен жарқын бола беруіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ардақ Сыдық, Көксу ауданындағы Б.Құндақбаев атындағы мектептің мұғалімі Л. Хамзина, І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің түлегі Д.Дигай құттықтау сөз сөйлеп, Елбасының ерен еңбегін атап өтті. Салтанатты жиын соңы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның концертімен қорытындыланды.