Талдықорғанда жарымжан жандарға арналған «Жұлдыздарға қара» жобасындағы бірінші кезеңнің жүлдегерлері марапатталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер арасындағы жаңадан бастап жатқан «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды» жобасының бірінші кезеңіндегі жеңімпаздар анықталды.
Жобаның ұйымдастырушылары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен Қазкоммерцбанкінің «Құс Жолы» корпоративтік қайырымдылық қоры.
Бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша байқау көшбасшылары және 100 мың теңгелік гранттардың иесі болып облыс орталығының тұрғыны Ләззат Керімқұлова мен Ескелді ауданындағы Қарабұлақ кентінің тұрғыны Алтай Жұмағали танылды. Екеуі де бірінші топтағы мүгедектер. Гранттың бірінші иегері Ләззат Керімқұлова қатысуға өтінімінде киім тігу бойынша ісін кеңейткісі келетінін, бірақ ол үшін көпфункционалдық электр машинасы мен шығын материалдарын алу қажеттілігін жазды. Сондай-ақ оның жоспарларында көмекші ретінде тұрақты жұмысқа бір үлгішіні алу керек еді.
Егінші гранттың иегері атанған Алтай Жұмағали «Демеу» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің спорт секторына жетекшілік етуде, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттің университетінің төртінші курсында білім алуда. Алтай былғарыдан жасалған бұйымдар - аяқ киім, киім, автомобиль тыстары, тұтыну заттарын жасау және жөндеумен айналыспақшы. Грант қаражаты сәйкестендірілген жабдықтар, құралдар және шығын материалдарын сатып алуға бөлінген.
Гранттарды тапсыру «Даму» қорының аймақтық филиалында өтті. Жеңімпаздарды қордың директоры Ринат Талтүсов пен «Қазкоммерцбанк» АҚ Талдықорған филиалы директорының орынбасары Елизавета Сон құттықтады.