Талдықорғанда жетім балалар үшін салынып жатқан тұрғын үй пайдалануға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімдігі жетім балалардың баспаналы болуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Шығыс» шағынауданында жетім балаларға арналып тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

60 пәтерлік коммуналдық үйдің 28-і - бір бөлмелі, 32-сі - екі бөлмелі пәтерлер болмақ. 2014 жылғы тамыз айында басталған бес қабатты тұрғын үй құрылысы биылғы жылы аяқталуы тиіс. Жалпы сметалық құны 348 946,530 мың теңге болатын нысанның құрылысын бас мердігер компания «Шымыр» ЖШС жүргізуде. Бас жобалаушы «Арлан-жоба құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына 80 адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң бұл пәтерлердің барлығы да жетім балаларға берілетін болады. Оған қоса жуырда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы отырысында бюджет есебінен 646,9 млн. теңге бөлініп, бұл қаржыға Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінен жетім балаларға арнап 100 пәтер сатып алу жоспарланып отырғаны мәлім болды. Аталмыш шаралар толығымен жүзеге асырылғанда, облыстағы қамкөңіл балалардың көпшілігінің баспана мәселесінің түйіні тарқатылады деп межеленуде.

Соңғы жаңалықтар