Мемлекет басшысы Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілерін тағайындады
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Осыған дейін Айдар Садырбаев ШҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.