Айдар Садырбаев ШҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Айдар Садырбаев тағайындалды.
Айдар Серікқазыұлы 1986 жылы 25 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылының орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
Әр жылдары Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші және бас маман, басшының орынбасары, басшы, Семей қаласы әкімінің орынбасары, «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасы, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ішкі саясат басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.
Еске салсақ, осыған дейін Президенттің ішкі саясат мәселелері жөніндегі көмекшісі тағайындалғаны хабарланған.