Таллиндік порт Қазақстаннан стратегиялық әріптестер іздестіруде

күйектің 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Эстонияның таллиндік порты Қазақстаннан стратегиялық әріптестік іздестіруде. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан-Эстон бизнес-форумында Эстонияның Премьер-Министрі Андурс Ансип мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бүгін осында Таллин портының өкілдері отыр. Онда тауар айналымының деңгейінің мүмкіндігі өте ауқымды. Осы орайда, біздің таллиндік порт Қазақстаннан стратегиялық әріптестерді іздестіруде», деді Эстония Премьері.

Оның айтуынша, Эстонияның бизнесмендері Қазақстанның кәсіпкерлерімен жақсы қарым-қатынаста болуға мүдделі. «Біз кеше ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен жоғары деңгейде келіссөздер жүргіздік. Осы орайда екі ел арасында ауқымды бизнестік қарым-қатынастар жасауға мығым тұғыр бар екеніне сенімдімін», деді А. Ансип.

Қазақстандағы инвестиция көлемі жоғары екеніне тоқталған ол, «Эстония бюджетінде де инвестиция үлесі жоғары. Жалпы, бұл көрсеткіш бойынша біз Еуроодақ елдері ішінде алда тұрмыз. Осы тұрғыда біздің инвестициялық тартымдылығымыз ұқсас», деді.

Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда Қазақстанға келетін инвестицияның 54 пайызы Еуроодақ елдерінен тартылған. Ол Эстонияда басқа елдерге инвестиция салу үлесінің артып отырғандығын атап өтті. «Олар өз қаржыларын Қазақстанға инвестиция ретінде салуға дайын. Мен Қазақстан бизнесмендерін Эстония кәсіпкерлерімен өзара келісіп, бір шешімге келуін өтінемін. Атап айтқанда, оларда нақты ұсыныстар мен идеялар бар», деді А. Ансип.

Соңғы жаңалықтар