Танымал қазақстандықтар ТМД ПАА марапатына ие болды

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынымы бойынша Қазақстанның мәдениет, спорт және бұқаралық ақпарат құралдарының танымал өкілдері ТМД ПАА-ның жоғары марапатымен атап өтілді.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ мәдени кеңістігін қалыптастыру және дамытудағы елеулі үлесі, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық идеясын іске асырғаны үшін Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының және Қазақстан музыка қайраткерлері одағының мүшесі Юрий Аравин, әртіс Евгения Василькова, Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Игорь Вербицкий, Қазақстан Республикасының халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі Шынар Жанысбекова, Қостанай облыстық орыс драма театрының бас режиссері Александр Лиопа, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Валерий Михайлов, Қазақстан халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, халықаралық конкурстардың лауреаты Альбина Оганесян, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі Михаил Токарев марапатталды. Сондай-ақ Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының әншісі Мейір Байнешов, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Жұмабек Қадырқұлов, Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының әртісі Мұса Әжібеков, Теміртау балалар және жасөспірімдер театрының директоры Владимир Дроздецкий, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі Нина Жмеренецкая, Қазақстан Суретшілер одаңының мүшесі Бәтима Зауірбекова, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының директоры Әсия Құрманалина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Болат Ұзақов, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық Қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі Әмір-Темір Хусейн «Мәдениет және өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Құрметті белгісін иеленді.
Ал «Баспа және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісіне «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков, «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібаев, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Жұмабек Кенжалин, «Егемен Қазақстан» газетінің интернет-редакторы Серік Пірназар, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Татьяна Костина, «24 kz» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің бас редакторы Инна Малахова, «Астана» телеарнасының тележүргізушісі Оксана Петерс, «Айқын» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Берік Жүндібаев, «Айқын» газетінің саяси шолушысы Сейсен Ұлықбеков, белгілі журналистер Александр Аксютиц, Ерлан Атамбай, Ринат Кертаев және Құрманбек Қазанбасов лайық деп танылды.
Бірқатар қазақстандықтар ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға қосқан үлесі, дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы ынтымақтастық идеясын іске асырғаны үшін марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, 2014 жылғы Азия паралимпиадалық ойындарында жүзуден бес дүркін чемпионы Әнуар Ахметов, 2014 жылғы шаңғы фристайлінде жұптасып сырғанаудан әлем кубогының иегері Юлия Галышева, 2012 жылғы Олимпиада ойындарында секіруден чемпион, Азия ойындарында секіруден екі дүркін чемпион, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Рыпакова, халықаралық гроссмейстер, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Стратегия және үйлестіру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Дәрмен Сәдуақасов «Дене шынықтыру, спорт және туризм дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісімен марапатталды.
Сондай-ақ бұл белгіні Қызылжар ауданындағы Новокамен орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Смағұл Аманов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Василий Ахаев, Қызылорда облысы, Арал қаласындағы №62 орта мектептің қосымша білім беру оқытушысы Жанболат Досманбетов, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданындағы «Жігер» спорт клубы» МККК директоры Асылбек Ищанов, Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының вице-президенті, жаттықтырушы Евгений Тимченко, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Арман Шураев иеленді.
Халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан көп жылғы үлесі үшін Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының ұжымы және Алматы қаласындағы Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының ұжымы ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.