Танзаниядағы президенттік сайлаудан кейінгі тәртіпсіздік: жүздеген адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Танзанияда президенттік сайлаудан кейінгі үш күндік наразылықта жүздеген адам қаза тапты. Бұл туралы елдің басты оппозициялық партиясы мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.

Танзаниядағы президенттік сайлаудан кейінгі тәртіпсіздік: жүздеген адам қаза тапты
Фото: Pixabay

Оппозициялық «Чадема» партиясының өкілі AFP агенттігіне, қауіпсіздік күштерімен қақтығыста 700-ге жуық адам көз жұмғанын айтты. Танзаниядағы дипломатиялық дереккөз агенттікке 500 адамның қаза тапқандығына сенімді дәлелдер бар екенін жеткізді.

Осыған қарап, қайтыс болғандардың саны әртүрлі екенін аңғаруға болады. Бұған себеп - ел бойынша интернеттің сөндірілуі. Ғаламтордың өшірілуі адам санын есептеуді қиындатты.

Үкімет зорлық-зомбылықты азайтуға тырысып жатыр. Билік тәртіпсіздіктерді басу үшін коменданттық сағатты ұзартты.

БҰҰ Танзанияның қауіпсіздік күштерін шамадан тыс күш қолданудан бас тартуға шақырды. Ал Ұлыбритания, Канада және Норвегияның Сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдеме жасап, билікті мүмкіндігінше ұстамды болуға және сөз бостандығын құрметтеуге шақырды.

Елдегі туристер әуежайда қалып қойды, өйткені мұндағы наразылық пен интернеттің өшуі рейстерді кешіктіреді.

Шерулер негізінен әділетсіз сайлауға наразылық білдірген жастар арасында өтіп жатыр.

Наразы халық билікті оппозиция басшыларын қудалау арқылы демократияға нұқсан келтірді деп айыптайды. Опасыздық жасады деген айыппен қамауда отырған Тунду Лиссу мен техникалық негізде сайлаудан шығарылған Лухага Мпина қазіргі президент Самия Сулуху Хасанның жеңіске жету мүмкіндігін арттырды.

Сайлаудың нәтижесі сенбі күні шығады деп жоспарланған. Алайда қазіргі президент Самия Сулуху Хасан жеңімпаз деп жарияланды. Ол 2021 жылы бұрынғы президент Джон Магуфули қайтыс болғаннан кейін билікке келіп, Танзанияның алғашқы әйел көшбасшысы болды.

Самия алдымен саяси қуғын-сүргінді жеңілдеткен басшы ретінде танылды. Кейін оның үкіметі тұтқындау және ұрлау арқылы қарсыластарын қудалады деп айыптала бастады.

Айта кетейік, Кот-д’Ивуарда өткен президенттік сайлауда Алассан Уаттара жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар