«Тапа» тайфуны Қытайдың Гуандун провинциясының жағалауына жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы есеп бойынша 16-шы «Тапа» тайфуны дүйсенбі күні таңертең Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының жағалауына жетті, деп хабарлайды Қытайдың орталық метеорологиялық қызметі.
Синоптиктердің мәліметінше, тайфун кезінде құрлықтағы желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен.
8-9 қыркүйекте провинцияның орталық және оңтүстік облыстарында нөсер жауын жауады, оңтүстік-батыстың кейбір ауданында жауын-шашын мөлшері 250-280 миллиметрге жетуі мүмкін.
Аймақта ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер жабылып, пойыздар қозғалысы, паром қатынасы тоқтатылды. Билік тұрғындарды қауіпті аймақтардан эвакуациялап жатыр.
Болжам бойынша, Тапа солтүстік-батысқа қарай шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен жылжып, бірте-бірте күшін жоғалтады.
Бұған дейін Хайнаньның тайфунға дайындалып жатқанын жазған болатынбыз.