Тараптар қарым-қатынас салаларын одан әрі дамытуға және жалғастыруға мүдделілік танытты - Бас прокуратура

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат. Бүгін Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының Орталық, Шығыс Еуропа және Орта Азия елдері үшін 6-шы өңірлік конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Даулбаевтың Сауд Арабия Корольдігінің Бас Прокуроры Шейх Мохаммад бин Фахдпен, Албанияның Бас Прокуроры Ина Рамамен, Түрік Республикасының Бас Прокуроры Хасан Эрбильмен, Прокурорлардың Халықаралық Қауымдастығының Президенті Джеймс Гамильтонмен, сондай-ақ Малайзия Бас прокурорының орынбасары Датук Идрус бин Харунмен екіжақты кездесулері өтті,

Тараптар қарым-қатынас салаларын одан әрі дамытуға және жалғастыруға мүдделілік танытты - Бас прокуратура

деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар қадағалау органдарының қызметінің қалыптасуы мен дамуу тәжірибесі жайында өзара ақпаратпен алмасып, екіжақты ынтымақтастықтың келешектерін талқылап, қарым-қатынас салаларын одан әрі дамытуға және жалғастыруға мүдделілік танытты.

Әңгімелесушілер азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикалық мұдделерін қорғау, халықаралық құқық қорғау практикасын үйрену аясындағы қарым-қатынасты нығайту контекстінде форумды өткізудің маңызды екенін атап өтті.

А.Даулбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аймақтық ынтымақтастықтың пәрменді тетігі болып табылатын Прокурорлардың Халықаралық Қауымдастығы аясындағы халықаралық қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын атап көрсетті.