Тараз тұрғынының үй алу кезегі сот арқылы қалпына келтірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Тараз қаласының тұрғыны Г.-ның баспана кезегін қалпына келтіру туралы талап-арызын қарады.

сот, судья, сот үкімі
Фото: Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

Сот мәліметінше, Г. 2010 жылдан бері «Бюджеттік ұйымның қызметкері» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған. 2018 жылы неке бұзылғаннан кейін оның статусын тұрғын үй комиссиясы «Толық емес отбасы» санатына өзгертсе де, KEZEKTE.KZ электрондық жүйесінде бұл өзгеріс уақытында тіркелмеген.

Сот тұрғын үй қатынастары бөлімінің 2018 және 2023 жылдардағы комиссия хаттамалары бар екенін анықтап, кезектілікті түзету жүзеге аспағанын растады. Жауапты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімі бойынша, азаматша Г. 2018 жылдан бастап «Толық емес отбасы» санаты бойынша тұрғын үй алу кезегіне қалпына келтірілді. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұдан бұрын балалар үйінің түлегі 17 жылдан кейін тұрғын үй кезегіне қайта тұрғызылғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар