Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тараз жаңа айналма жолында қозғалыс уақытша шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы Жамбыл облысында республикалық маңызы бар «Тараз қаласының жаңа айналма жолы» автомобиль жолының учаскесінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс уақытша шектелетінін хабарлады.

 Тараз жаңа айналма жолы учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: Көлік министрлігі

Компанияның мәліметінше, шектеу жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіледі. Ол 2026 жылғы 9 және 10 шілде күндері сағат 07:00–ден 21:00–ге дейін 518-535 шақырым аралығында, НДФЗ ауданынан Айша бибі жол айрығына дейінгі учаскеде қолданылады.

— Көлік қозғалысы сызбада көрсетілген балама айналма бағыт бойынша ұйымдастырылады. Учаскеде уақытша жол белгілері мен бағыт көрсеткіштері орнатылған, — делінген хабарламада.

 Тараз жаңа айналма жолы учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: ҚазАвтоЖол

ҚазАвтоЖол көлік жүргізушілеріне сапарын алдын ала жоспарлауды, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды ескертті.

Еске салайық, бұған дейін ҚазАвтоЖол жолдардағы жаңа «ақылды» камералардың не үшін орнатылып жатқанын түсіндірген еді.