Таразда ауа ластанған – Экология министрлігі
Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, Тараз қаласында атмосфералық ауа мониторингі 5 бақылау бекеттерінде, соның ішінде 4 қол күшімен алынатын бекеттерде және 1 автоматтық станцияда жүргізіледі.
Жалпы қала бойынша ластану 16 көрсеткішке дейін анықталады:
1) қалқыма бөлшектер (шаң);
2) РМ 2,5 қалқыма бөлшектері;
3) РМ 10 қалқыма бөлшектері;
4) күкірт диоксиді;
5) көміртегі оксиді;
6) азот диоксиді;
7) азот оксиді;
8) фторлы сутек;
9) формальдегид;
10) озон (жербеті);
11) күкіртсутек;
12) бенз(а)пирен;
13) марганец;
14) қорғасын;
15) кобальт;
16) кадмий.
«2022 жылғы 11 шілдеде ауа мониторингі нәтижесі ауада қалқыма бөлшектер (шаң), азот диоксиді, күкіртті сутегі бойынша ластанудың көтеріңкі деңгейін көрсетті»,-делінген министрліктің хабарламасында.
Осыған дейін Таразды қою түтін басқаны анықталды.