Таразды қою түтін басты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 20.00-де Тараздағы «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытынан шыққан қою түтін қалаға тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Алдын ала жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша фтор қосылыстарының шамалы жоғарылағаны байқалады.

Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты мен қаланың санитарлық шекарасында азот секілді басқа заттардың көбеюі анықталмаған.

Облыс әкімінің тапсырмасымен экологтар, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және басқа да жауапты тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

«Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады. Қазіргі уақытта басқа да аймақтарда зерделеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз!»,-деп хабарлады әкімдіктен.


Соңғы жаңалықтар