Таразда ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық бойынша бірлескен қазақстан-поляк жобасы жүзеге асырылуда

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық бойынша бірлескен қазақстан-поляк жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.
None
None

Поляктың WORDOL Group компаниясы төрт жылдан астам уақыттан бері Жамбыл облысына ауыл шуаруашылығы техникаларын жеткізуде, осы жылдары барлығы бір миллион АҚШ долларынан астам техника жеткізіліп берілді.

Компания алдағы уақытта өткізу нарығын ұлғайтудан басқа, оның қызмет аясын да кеңейте түспек. Таразда құрылған қазақстан-поляк бірлескен кәсіпорны ең алдымен жамбылдық алқаптарда жұмыс істеп жатқан поляк ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсетуді қолға алмақ.

Бүгінгі таңда Тараздың шетінде болашақ сервис орталығына жер телімі таңдалуда. Сонымен қатар поляк тарабы энергия үнемдеу саласына да қатысуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар