Таразда бастауыш сыныптар қашықтан оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — Таразда қатты желге байланысты 1–4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

дистанционное обучение қашықтан оқыту школьники уроки оқушы сабақ
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

— 17 сәуірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Тараздағы барлық білім беру ұйымдарында 1-ауысымның бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер тұрғындарға ескерту жариялап, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшеюі мүмкін екенін болжаған. 

Осыдан бұрын Тараз – Шымкент бағытында уақытша көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар