Таразда «Бірлігіміз жарасқан» атты акцияда ұлттық өнер әралуан бояуымен ұсынылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - таразда Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Бірлігіміз жарасқан» акциясы өтті.
None
None

«Біздің халықтар бірлігі мерекесіндегі өте шырайлы достық ахуалға жайсыз ауа райы да бөгет бола алмады, - деп әңгімеледі ҚазАқпарат тілшісіне шараның модераторы, ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева. - Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен біз осында, Тараз қалалық мәдениет және демалыс саябағының сахнасына шығармашылық ұжымдардың, облыс этномәдени бірлестіктері өкілдерінің, мектеп оқушыларының, жастардың басын қостық, асфальт үстінде «Біз бейбітшілікті бейнелейміз» атты сурет конкурсы және «Бірлік - біздің күшіміз» атты концерт бағдарламасын ұйымдастырдық».

Концертте Жамбыл облысында тұратын халықтардың - қазақ, орыс, өзбек, еврей, неміс, корей және басқа ұлттардың әуендері шырқалды. Суреттер конкурсының жеңімпаздарына жүлделер тапсырылды. Балалар үшін саябақ аттракциондарына тегін билеттер, балмұздақ әзірленді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында белгілі болғандай, 2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ауқымында ұлысаралық қатынастарды дамыту мен қоғамдағы келісім мен төзімділікті нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды әлеуметтік жобалар жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар