Таразда ғылыми орталық басшысы оқушыларға бөлінген қаржыны жымқырған
АСТАНА. KAZINFORM – Таразда Дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының басшысы оқушылардың республикалық жарыстарға қатысуына бөлінген қаржыны жымқырған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

— 12 желтоқсан күні Тараз қалалық соты үкімімен Дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының басшысы А.Жартыбаев пен осы мекеменің әдіскері М.Мойлауов сотталды. Олар оқушылар арасында республикалық жарыстарға қатысуға бөлінген іссапар шығындарын иемдену арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, - деді ол.
Ресми өкіл келтірген дерекке сай, сот үкімімен Жартыбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 2 жыл 9 айға сотталды.
Ал Мойлауов 2 жыл және қаржы қызметіне байланысты мемлекеттік мекемелерде 3 жылға дейінгі мерзімде қызмет атқару құқығынан айырылып, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Астанада пара алып, балабақша орнын саудаға салған шенеунік ұсталды.
Спортты дамыту дирекциясының басшысы 584 млн теңге қаржы жымқырғаны анықталды.
Антикор екі жылда 1 трлн 100 млрд теңгенің заңсыз активтері қайтарды.
Заңсыз активтер көбіне қай елдерден қайтарылып жатқаны айтылды.
Жамбылда ұсталған күдікті полицей Антикор қызметшісіне қару кезенген.
«Каспий» ФК басшысы діни ағым өкілдерімен бірлесе ақша бопсалағаны белгілі болды.