Таразда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында сауда-экономикалық орталығын құру мүмкіндігі талқыланды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Жамбыл облыстық әкімдігінде ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда қызметін реттеу комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаевпен және Қырғызстанның экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Санжар Мұқанбетовпен болған кездесуде Қырғызстан мен Жамбыл облысының арасындағы шекаралас сауданы дамытудың перспективалары талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесуге қатысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Құмар Ақсақаловтың айтуынша, халықаралық шекаралас ынтымақтастық орталығы инфрақұрылымының бастапқы кезеңіне Жамбыл ауданында «Айша-бибі ? Шоң Қопа» және Жамбыл облысының Қордай ауданында «Ауқатты-кен ? Бұлын» шекаралас базарлары енетін болады.Жоба аясында Жамбыл және Қордай аудандарындағы екі сауда орталығынан басқа тауарлардың уақытша қоймалары, орап-байлау цехтары, қонақүйлер, малдәрігерлік зертханалар салынатын болады, жаңа жұмыс орындары ашылады.Бұлардың барлығы да Қазақстанға Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды реттеу мақсатында жасалып отыр.