Таразда мектептің электр қалқаны істен шығып, 780 оқушы қауіпсіз жерге көшірілді - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Тараз қаласында сенбі таңертең үшқабатты №53 мектеп ғимаратының электр қалқанында сымдардың қысқа тұйықталуының салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Өрт 20 минуттан соң ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамынан 25 адам және 10 техника жұмылдырылды. 850 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 780-і - оқушылар. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.