Таразда өрт орнында ер адамның мәйіті табылды

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат 04.48-де Тараз қаласының Құмшағыл ауылында Б. Момышұлы көшесінің бойында орналасқан 18 үй мекенжайында 2 пәтерлі жекеменшік үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Таразда өрт орнында ер адамның мәйіті табылды

Өрт сағат 06.21-де сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 60 шаршы метрді шарпыды. Өрт орнында 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды.