08:54, 31 Тамыз 2014 | GMT +5
Тәртіп сақшылары «Мектепке жол» акциясына ат салысуда - Қызылорда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының сақшылары «Мектепке жол» акциясына атсалысуда. Олар бірнеше тұрмысы төмен отбасының балаларына оқу құралдарын алып беруге жәрдемдесті. Шара аясында 22 жыл ішкі істер саласында қызмет жасап, өмірден озған Марат Әлімбетовтің ұлына да сый-сияпат жасалды, деп хабарлады 24kz

2-сыныпқа баратын Мұратқа әкесінің әріптестері мектеп құралдары мен киім-кешек алып берді. «Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті, қалалық ішкі істер басқармасы ұжымы жыл сайын «Мектепке жол» акциясына үлес қосып келе жатыр. Атап айтқанда, бүгін ҚІІБ 2 қызметкерінің үйіне «Мектепке жол» акциясына байланысты сыйлықтар табысталды. Бұл іс-шара алдағы уақытта жалғасып, әлде де көмек көрсетіледі», - деді Асылхан Әбдіреев қалалық ІІБ басшысының орынбасары.