Ташкентте ҚР мен ӨР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 20 жылдығының құрметіне салтанатты концерт болып өтті

  ТАШКЕНТ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ташкенттік «Түркистон» сарайында Қазақстан және Өзбекстан өнер шеберлерінің ҚР мен ӨР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 20 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті.
None
None

Шараның ұйымдастырушылары - Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі мен ӨР Мәдениет және спорт істері бойынша министрлігі.

Шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев пен ӨР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Рустам Әзімов, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның Үкімет мүшелері, ӨР-да аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, тағы басқалары қатысты.

Қазақстан Елшілігінен атап өткендей, бұл концерт екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 20 жылдығына арналған шаралардың қисынды аяқталуы болып табылады. Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның делегация мүшелері ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысына қатысқанын атап өту қажет.

Соңғы жаңалықтар