Ташкентте ҚР-ның және Өзбекстанның СІМ басшылары орталықазиялық аймақтағы тұрақтылықты нығайту мәселелерін талқылады
ТАШКЕНТ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер вице-министрі Амангелді Жұмабаев Өзбекстан СІМ-мен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінен.
2012 жылдың 14 тамызында Ташкенттегі Сыртқы істер министрліктерінің консультацияларында қазақстандық делегацияны басқарған Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Амангелді Жұмабаев Өзбекстан СІМ басшысы Абдуләзиз Камиловпен кездесуінде екіжақты ынтымақтастықты дамыту, көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ халықаралық және аймақтық сипаттағы көкейкесті мәселелер топтамасы бойынша пікір алмасулар өтті.
Тараптар байланыстардың одан әрі кеңеюіне, Орталық Азия аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Өзбекстан мен Қазақстанның диалогын тереңдетуге дайын екендерін атап өтті.
Әңгімеге сондай-ақ Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин қатысты.