Ташкентте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты кітабының өзбек тіліндегі нұсқасы таныстырылды

«Мен үшін сіздердің назарларыңызға Елшілік басып шығарған Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабының өзбек тіліндегі нұсқасын таныстыру үлкен ғанибет. Қазақстан басшысының кітабы елдің жаңа тарихының ең ауыр және жарқын сәттері туралы баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолындағы қадамдарын ашып көрсетеді», - деп түсіндірді ол.
«Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясымен жұмыс, оның Қазіргі Конституциясының қабылдану үрдісі, мұнай және газ қорларын игерудің басталуы, ұлттық валютаны енгіізу және сәтті банк жүйесін құру. Бөлек тарауларда жекешелендіру үрдістері, жер реформасын өткізу туралы сөз етіледі, елорданың Астана қаласына ауыстырылуы мен қазақстандық азаматтың ғарышқа жасаған алғашқы сапары туралы баяндалады. Бұл кітапты аударудың мақсаты - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен дамуын танып-білуге көмектесу болып табылады», - деп түйіндеді сөзін Елші.