Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында ел құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
Фото: ҰОК

Атап айтар болсақ, топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық гимнасшылар бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

Отандастарымыз 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.

Айта кетелік, топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Бысьрова жаттықтырады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Елжана Таниева мен Айбота Ертайқызы Азия чемпионатының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер 4 мамырда анықталады.

Соңғы жаңалықтар