Ташкентте «Өзбекстандағы қазақ киносы күні» басталады
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алдағы 17-21 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігі «Өзбеккино» ұлттық агенттігімен бірлесіп, Ташкентте Қазақ киносы күндерін ұйымдастырады.
Аталған шара Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 20 жыл толуына орай өткізіледі. Бес күн бойы көрермендерге қазақстандық режиссерлердің «Балалық шағымның аспаны», «Қыз Жібек», «Жерұйық», «Біржан сал» және «Секер» фильмдері ұсынылады.
Кинофильмдер «Әлішер Науаи атындағы кино сарайы» кинотеатрында көрсетіледі. Кіру тегін.