Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қыркүйектің 10-11 -і аралығында Ташкентте  Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді,

Ташкентте  ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

деді бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Оның айтуынша, Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ-ға мүше елдер  Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің және Сыртқы істер министрлері кеңесінің бұған дейінгі отырыстарының нәтижесінде  қабылданған шешімдердің жүзеге асырылу барысын  қарастырады. «Алда Бейжіңде өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының отырысына дайындық барысымен байланысты тәжірибелік шаралар, сондай-ақ, Ұйымның ағымдағы қызметіндегі өзге де өзекті мәселелер талқыланып, келісілетін болады», деді Е. Ашықбаев.