Ташкентте ШЫҰ, ҰҚШҰ мен ТМД елдері арнайы қызметтерінің жетекшілері лаңкестікке қарсы күрес мәселесін талқылауда

ТАШКЕНТ. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстан астанасында «ШЫҰ мен ТМД елдеріндегі лаңкестік ұйымдардың қызметі, ерекше маңызды, режимді, әскери инфрақұрылымды нысандарда лаңкестікке қарсы қауіпсіздік

Ташкентте ШЫҰ, ҰҚШҰ  мен ТМД елдері арнайы қызметтерінің жетекшілері лаңкестікке қарсы күрес мәселесін талқылауда

және диверсияға қарсы қорғаныспен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар» атты екі күндік халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Іс-шараны ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының Атқарушы комитеті мен ТМД-ға мүше елдердің Лаңкестікке қарсы орталығы ұйымдастырып отыр.

Конференция жұмысына Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Украинадан келген делегациялар қатысуда.