Ташкентте ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің мәжілісі басталады

ТАШКЕНТ.  Қыркүйектің  10-ы.  ҚазАқпарат /Құрмат   Самархан/ -  Бүгін  түстен кейін  Ташкентте  Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің   Ұлттық үйлестірушілер  кеңесінің  кезекті    мәжілісі  жұмысын     бастайды.
None
None

ШЫҰ   өкілдері  хабарлағанындай,   ұлттық үйлестірушілер  мәжілісінің  күн тәртібіне     Бейжіңде  өтетін   Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері  үкімет басшыларының  саммитіне   дайындық мәселелері, сондай-ақ    ұйымның  ағымдағы қызметінің  өзекті  мәселелері    шығарылып отыр.  Ұлттық үйлестірушілер   сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының     Мемлекет басшылары  кеңесі,  Үкімет басшылары     кеңесі  және  Сыртқы  істер министрлері  кеңесі  мәжілістерінің   қорытындылары  бойынша қабылданған   шешімдердің  жүзеге асырылу  барысын  қарайды.

Мәжіліске  қатысу  үшін  Ташкентке   Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы    Болат Нұрғалиев,    Қазақстанның  ШЫҰ мәселелері   бойынша  ұлттық үйлестірушісі  Шахрат  Нұрышев,  тағы басқа бірқатар  сарапшылар келді.

Мәжіліске  қатысушыларды  бүгін Өзбекстанның  Сыртқы  істер министрі  Владимир  Норов  қабылдайды  деп  жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар