12:17, 17 Қаңтар 2025 | GMT +5
Ташкентте төртем дүниеге келді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ташкентте бір отбасында төртем, 2 ұл 2 қыз дүниеге келді. Сәбилердің жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында.

Ташкентте әйел 4 сәбиді дүниеге әкелді. Бұл туралы «Миллар» бағдарламасы хабарлады.
Жас отбасы негізі Сурхандария облысында тұрады. Сәбилердің жағдайын дәрігерлер жіті бақыласын деп ел астанасы Ташкентке келген.
Ерлі-зайыптылардың 2 жасар қызы болған. Қазір олар 5 балалы отбасыға айналды.
Төртемге Мұхаммед, Мұстафа, Сумая және Сафия есімдері берілді.
Айта кетейік, Жамбыл облысында салмағы 6 келіден асатын сәби өмірге келгенін жазған едік.