Татарстанда тұрғын үйдегі газ жарылысынан бір адам қаза тапты

ҚАЗАН. Татар-информ-ҚазАқпарат – Зеленодольск қаласындағы тұрғын үйдің тоғызыншы қабатында газ жарылды. Екі қабатта бірнеше пәтер қираған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Татар-информ агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Татарстанның ТЖ қызметінің мәліметінше, Ленин көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабар сағат 22.44-те түскен.

Тұрғындар қауіпсіз жерге шығарыла бастаған. Соңғы дерек бойынша, үйдің жетінші қабатында алты пәтер, 8-қабатында бір пәтер қираған.

Сағат 23.27-де қаза тапқан ер адамдың денесі табылды. Үйінділердің астынан бір әйел құтқарылып, дәрігерлерге тапсырылды.

ТЖМ дерегінше, 50 пәтерден тұратын тұрғын үй 1974 жылы пайдалануға берілген.

Кейінірек тоғызыншы қабатта газдың жарылуының салдарынан үш адамның зардап шеккендігі хабарланды.

«Ер адам мен әйел адамның жағдайы орташа, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Тағы бір әйел ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр», деп мәлімдеді Татарстанның ДСМ баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар