07:01, 02 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Татарстанның бірінші ханымы Ресейдегі ең ауқатты әйел атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты Forbes журналының орыс тіліндегі нұсқасы 2016 жыл ішіндегі Ресейдегі мемлекеттік қызметкерлер мен депутатардың ең ауқатты әйелдерінің рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Би-би-си.

Бұл тізімнің көшін Татарстан Республикасының президентінің әйелі Гульсина Минниханова бастаған. Оның байлығы 2,351 млрд. рубльге (39,7 млн долларға) бағаланды.
Журналдың топ-10-на кірген Ресейдегі мемлекеттік қызметкерлер мен депуттардың ең ауқатты әйелдерінің ақшасы күйеулерінің табыс декларациясында көрсетілген табыстарынан асып түскен.
Forbes-тың екінші тізімінде Улан-Удэ қалалық кеңесінің депутаты Вадим Бреднегоның әйелі Раиса Бредний тұр.
Рейтингтің үздік үштігін Брянск облысы губернаторының әйелі түйіндейді.