Тау шаңғысының дамуында Орталық Азияда өте үлкен өсім байқалады - «Consulting SARI» консалтингтік компаниясының өкілі

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан қысқы туризмнің жаңа туристік бағыттарын дамуы туралы тау шаңғысы курорттарының бірінші еуразиялық конференциясында айтылды.
«Әлемдік экономикаға тау туризмінің әсері өте жоғары. Қазір біз тау туризмін Шығыс Еуропа елдерінде дамытуға айрықша назар аударып отырмыз. Шығыс Еуропа мен Азияның отыз елінде мыңнан астам шаңғы аумақтары бекітіліп отыр. Бірақ төрттен астам көтермелері бар аумақтар онда өте аз. Тау шаңғысының дамуында Орталық Азияда өте үлкен өсім байқалады. Тау шаңғы курорттары дағдарысқа қарамастан өсуде», - дейді «Consulting SARI» консалтингтік компаниясының өкілі Лоран Вана. Оның айтуынша, қазір Шығыс Еуропа мен Азияда тау шаңғысы курорттарындағы инфрақұрылым Польша мен Чехияда жақсы дамыған. Ұлттық инфрақұрылымының дамуы бойынша олар жетекші орындарда. Алдағы он жыл ішінде Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының өтуіне орай Ресей тау шаңғысы құрылымы бойынша жетекші орындарды иеленуі ықтимал деген болжамдар бар.