Тәуелсіз Қазақстан тарихы үш минуттық бейнероликте көрсетілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры Тәуелсіз Қазақстанның тарихы бейнеленген үш минуттық бейнеролик жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіз Қазақстан тарихы үш минуттық бейнероликте көрсетілді

Бейнеролик ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Авторлар бейнероликті мыңдаған фотосурет көмегімен, stop motion стилінде жасаған. Онда ел тарихындағы ең маңызды оқиғалар, еліміздің атын танытқан қазақстандықтар, үздік саясаткерлер мен жаңа ғимараттардың фотосуреттері көрсетілген. Ролик соңында «Бақытты бол, Елiм-ай» сөзі айтылады.