Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тәуелсіз Қазақстанмен 20 жылда жеткен ынтымақтастығымызды арттыру жолындағы ынта-жігер болашаққа үлкен үмітпен қарауға мүмкіндік беріп отыр - Түркия Премьер- Министрі

ЫСТАМБҰЛ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері өткен 20 жылда елдеріміз арасындағы қарым-қатынаста жеткен деңгейі және ынтымақтастығымызды арттыру жолындағы ынта-жігер түрік-қазақ ынтымақтастығының болашағына үлкен үмітпен қарауға мүмкіндік беріп отыр.

Тәуелсіз Қазақстанмен 20 жылда жеткен ынтымақтастығымызды арттыру жолындағы ынта-жігер болашаққа үлкен үмітпен қарауға мүмкіндік беріп отыр - Түркия Премьер- Министрі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке жолдаған құттықтауында Түркия Республикасының Премьер- Министрі Режеп Тайып Эрдоған осылай мәлім етті.

«Құрметті Премьер-Министр, қадірлі бауырым !

Сізді және бауырлас қазақстан халқын бауырлас ел - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Елдеріміз арасындағы ортақ тарихтан қуат алатын терең және көп бағытты стратегиялық әріптестік негізіндегі қарым-қатынасымыз бен көлемді ынтымақтастықтың күн өткен сайын арта түсуі мені үлкен ризашылыққа бөлеуде.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері өткен 20 жылда елдеріміз арасындағы қарым-қатынаста жеткен деңгейі және ынтымақтастығымызды арттыру жолындағы ынта-жігер түрік-қазақ ынтымақтастығының болашағына үлкен үмітпен қарауға мүмкіндік беріп отыр.

Бұл ынтымақтастық Орталық Азияның қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен гүлденуіне де үлес қосуда.

Осы орайда, Түркияда орын алған лаңкестік шабуылдарға байланысты үстіміздегі жылдың қазан айында Қазақстанға жасай алмаған сапарымды ең қысқа мерзім ішінде жүзеге асырамын деген үмітімді білдіремін және осы мүмкіндікті пайдаланып Сізге денсаулық пен бақыт, бауырлас Қазақстан халқына гүлдену мен амандық тілеймін»,-делінген құттықтауда.