«Тәуелсіздік керуені» Сайрам ауданында болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Қазақстан. Ұлы Дала Елі. Тәуелсіздік» атты іс-шара аясында Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев бастаған, ауданның зиялы қауым өкілдерінен құралған "Тәуелсіздік керуені" Сайрам ауданының орталығы, Ақсукент ауылында болды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты мерекелік іс-шаралар және мерекелік концерттер өтіп, № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының жанындағы спорт ойын алаңшасы аудан әкімінің қатысумен салтанатты түрде ашылып, оқушылардың игілігіне тапсырылды. Одан бөлек, аудан әкімі Сапарбаев Самат Айдарханұлы мен Ақсукент ауылдық округінің әкімі Қасымбеков Сәрсен Ақбердіұлы ауылдық округіндегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет білдіріп, аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мұқтаж азаматтарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы заттай сый-сияпаттар тапсырды.

Сонымен қатар, Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев бастаған ауданның зиялы қауым өкілдері "Тәуелсіздік керуені"-мен Жібек жолы, Манкент ауылдық округтеріне де барды. Іс-шараның мақсаты: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ілгерілету, Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан бағыттың айналасында азаматтардың шоғырлануына, қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамда Тәуелсіздік құндылықтарын нығайту. Іс-шараның алгоритмі: Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерімізді насихаттау, тегін медициналық қызмет көрсету, аудандық Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет білдіру, аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мұқтаж азаматтарға «Тәуелсіздік керуені» атынан сый-сияпаттар жасау мен мерекелік концерт ұйымдастыру.

Соңғы жаңалықтар