Тәуелсіздік күні - ең алдымен қазақ халқы үшін ерекше қастерлі, ерекше бағалы мереке - Зәуреш Аманжолова

АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ата-бабаламыз аңсаған азаттыққа жетуде бұл алаңның жөні бөлек. Оны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова бүгін Тәуелсіздік алаңындағы Тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімі кезінде айтты.

Тәуелсіздік күні - ең алдымен қазақ халқы үшін ерекше қастерлі, ерекше бағалы мереке - Зәуреш Аманжолова

«Тәуелсіздік күні - мемлекетіміздің ең тұғырлы да үлкен мерекесі. Міне, биыл 22 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Әрбір қазақ баласы үшін бұл күн - ерекше күн. Себебі егемендігімізді алып, еңсеміз көтерілгенде ең алдымен қазақ халқы қуанды. Тәуелсіздік күнінің қазақ халқы үшін ерекше қастерлі, ерекше қасиетті болатын себебі онда ата-бабалармыз аңсап, армандаған азаттыққа қол жеткізді», - дейді З. Аманжолова. Оның айтуынша, қазір қазақтың кім екенін және Қазақстанның атын бүкіл дүние жүзі біліп отыр. Оны жақындатуда 1986 жылы Тәуелсіздік алаңындағы жастардың қаһармандық ерлігінің маңызы ерекше зор. Олар онда қазақ елінің қандай мемлекет болу керектігін әлемге көрсетті. Тәуелсіздік таңының атуын жақындатты.