Тәуелсіздік күні қарсаңында ОҚО ІІД 20 полицейі Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды

ШЫМКЕНТ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында ОҚО ІІД 20 полицейі және 191 қызметкері Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатқа ие болды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ОҚО ІІД 20 полицейі Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды

Олар салтанатты жиында марапатталды. Мерекелеуге департамент басшылары, ішкі істер органдарының жеке құрамы және адагерлер қатысты, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

ОҚО ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Сұңғат Тіленшин айтып өткендей, тәуелсіздік жылдарында құқық қорғау органдары мемлекетпен бірге қалыптасудың күрделі жолынан өтті. «Бүгінгі күні ОҚО-да жаңа технологиялармен жабдықталған 137 учаскелік полиция пункті іске қосылған. Қызметтік көліктері жаңартылған, жедел басқару орталығы ойдағыдай жұмыс істеуде. Мұның барлығы полицейлердің жұмысын жақсартуға бағытталған», - деп хабарлады ол жиында.

Салтанатты іс-шарадан соң ішкі істер ардагерлері және жас қызметкерлер ОҚО ІІД мұражайын аралап, өңірдегі полицияның қалыптасу тарихымен танысты.