Тәуелсіздік күніне орай алматылықтар отандық кинотуындыларды тегін тамашалай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 13, 14, 15, 16 және 17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі күніне орай отандық көркем фильмдердің тегін көрсетілімі өтеді.

Тәуелсіздік күніне орай алматылықтар отандық кинотуындыларды тегін тамашалай алады

Атап айтқанда, 13 желтоқсан күні сағат 11:00-де «Арман 3D» кинотеатрында және 15 желтоқсанда «Цезарь» кинотеатрында «Тығырықтан жол тапқан» (орысша) фильмі, ал 14 желтоқсанда «Райымбектегі кинозалда» «Елбасы жолы» (қазақша) көрсетілмек. Сондай-ақ 16 желтоқсанда қала тұрғындары «Star Cinema» кинотеатрында (Mega) «Жаужүрек мың бала» (қазақша), «Райымбектегі кинозалда» - «Жерұйық» (орысша) туындыларын тегін тамашалайтын болады. Ал 17 желтоқсанда «Star Cinema Прайм Плаза 3D» кинотеатрында жұртшылық назарына қазақ тілінде «Біржан сал» туындысы ұсынылады, деп хабарлайды kinostan.kz.