Тәуелсіздік күніне орай ҚР Қорғаныс министрлігі бейнебаян түсірді (ВИДЕО, ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Армиямыз айбынды!» атты патриоттық әнге арналған музыкалық бейнебаян түсірді.

Тәуелсіздік күніне орай ҚР Қорғаныс министрлігі бейнебаян түсірді (ВИДЕО, ФОТО)

Клип Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық базасында түсірілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс миинстрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Патриоттық ән Маржан Арапбаева мен «Z» триосы ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық әскери ансамблі ұжымының орындауында шырқалды. «Армиямыз айбынды!» туындысы - «Мен әскерде болғанда» - қазақстандық армиядағы қызмет туралы үздік музыкалық композиция бірінші республикалық шығармашылық байқауының жеңімпазы. Ал бейнебаянның түсірілімі финалды аккорд болып табылады. «Мен әскерде болғанда» байқауы осы жылы ҚР Қорғаныс министрлігімен алғаш рет өткізілгенін айта кеткен жөн. Ол қоғамның қызығушылығын туғызып, әр жылдары әскери қызмет пен армияның тыныс-тіршілігі туралы жақсы білетін адамдардың жүрегінен орын тапты. Барлығы байқау комиссиясына Қазақстанның әр өңірінен 25-тен аса автор өз жұмыстарын жолдады. Байқау жұмыстарын бағалау кезінде құрамына кәсіби музыканттар мен әскери сала өкілдері кірген әділқазылар алқасы орындау шеберлігін, мәтіннің түпнұсқалығын, берілген тақырыпқа музыкалық туындының сәйкес келуін, сондай-ақ өнерді жалпы қабылдауды ескерді.