Тәуелсіздік тойына орай Батыс Қазақстан облысының жылнамасы жарық көрді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Батыс Қазақстан облысы: өркендеу және өсу жылдары (1991-2016) атты жинақ көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің алғысөзімен екі тілде жарық көрген хронологиялық кітапта еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдегі өңірдің басты оқиғалары қамтылды. Аталмыш жылнамадан оқырман Ақ Жайық өңірінің тәуелсіздік тұсындағы тарихын, облыстың қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді біле алады.
null 

Таныстырылым кезінде «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллиннің атап өткеніндей, осы жинаққа дейін соңғы бес жылда өңір мен Батыс Қазақстандағы баспасөз тарихына қатысты бірнеше кітап жарық көрді. Олардың ішінде бұрын ғылыми айналымға енбеген тың деректер баршылық. Енді бұған облыстың ширек ғасыр ішіндегі шежіресі қосылып отыр. Бұл кітаптарды тарихшылар, магистрлер мен студенттер зерттеп, керегін ала алады. Алдағы жылы Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығына орай жаңа жинақ пен Алаш қайраткері, ақын, ағартушы, ойшыл Ғұмар Қараштың қос томдығын шығару ойластырылуда.
null 

Жиын барысында жылнаманы құрастырған тәжірибелі журналист Қалиолла Қарағойшинге облыстың құрмет грамотасы тапсырылды.

«Жайық Пресс» ЖШС мекемесінде сондай-ақ жыл бойғы жасалған жұмыстар қорытындыланып, үздік қызметкерлер аталып өтілді. Зеленов аудандық «Ауыл тынысы» газеті редакциясына жаңа автокөлік берілді. Оған қоса барлық он екі аудандық газеттің редакцияларына компьютерлер, фотоаппараттар мен диктофондар табысталды. 
null 

Соңғы жаңалықтар