Тәуелсіздік күні қарсаңында 500-ден аса түркістандық баспаналы болды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан қаласында «Жібек жолы» тұрғын үй кешені пайдалануға тапсырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барып, баспана кілттерін табыстады.

Түркістанда баспана кілті табысталды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

— Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз мәңгі, мәртебеміз биік болсын! Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруіне, баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгін кезекте тұрған 500-ден аса отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алып отыр. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! — деді Дархан Амангелдіұлы.

Түркістанда баспана кілті табысталды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы Түркістан қалалық әкімдігінің тапсырысымен жүргізілді. Қаланың Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген 5 қабатты 508 пәтерлі арендалық тұрғын үй баспана кезегінде тұрған азаматтарға үлестіріледі.

Түркістанда баспана кілті табысталды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, биыл жыл басынан бері Түркістан қаласында кезекте тұрған 482 отбасына пәтерлер табысталды. Жалпы, жыл қорытындысымен түркістандық 990 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек.

Түркістан облысының тұрғындары баспаналы болды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Түркістан облыстық сотында бизнес өкілдерінің қатысуымен қаралған істер көбейгені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар