15:37, 11 Наурыз 2026 | GMT +5
Таяу Шығыстан қазақстандықтарды қайтару үшін 21 репатриациялық рейс орындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Таяу Шығыстан 3500 адам қайтарылды.
Air Astana компаниялар тобы 10 наурызда Air Astana/FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын Маскаттан (Оман) Алматыға қайтару үшін 2 репатриациялық рейс орындады.
Әуе компаниясы жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер қамтамасыз етті.
Тағы бір рейс Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп Жиддадан Атырауға ұйымдастырылды.
Наурыздың 3 мен 10 аралығында компаниялар тобы Медина, Жидда және Маскаттан 21 репатриациялық рейс (топтың 8 рейсі және СІМ-мен бірлесіп 13 рейс) орындап, Қазақстанға 3500 жолаушыны қайтарды.
Еске салсақ Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық оралған еді.