Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Таяуда ЕурАзЭҚ-тің Дағдарысқа қарсы қоры қызметінің бағыттары анықталмақ - Еуразия даму банкінің басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Алматыда Еуразия даму банкінің еуразиялық ықпалдастық  мәселелері туралы  IV халықаралық конференциясы өтіп жатыр,

Таяуда ЕурАзЭҚ-тің Дағдарысқа қарсы қоры қызметінің бағыттары анықталмақ - Еуразия даму банкінің басқарма төрағасы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Екі күндік бұл шараға ТМД мен  Еуразиялық экономикалық қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) мүше елдердің  мамандары, ғалымдар және мемлекеттік органдар,  халықаралық даму институттарының қызметкерлері қатысуда. Олар қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында Еуразия кеңістігінде мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының даму ағымдары мен өзге де мәселелерін талқылауда.

Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасы Игор Финогеновтың айтуынша, ықпалдастық қарым-қатынасты дамытуда ЕурАзЭҚ-та құрылған Дағдарысқа қарсы қор  маңызды рөл атқармақ. Онда қор құралдарын басқару қызметін Еуразия даму банкі жүзеге асыратын болады.

«Қазір  қор жұмысына қатысты құжаттардың жай-жапсары анықталып жатыр. Оны құру туралы келісім қатысушы елдер ратификациялағаннан кейін күшіне енеді. Содан кейін 2-3 айдың ішінде нақты бағдарламаларды қарауды бастаймыз», дейді И. Финогенов. Еуразия даму банкі басшысының сөзіне қарағанда, қазір күн тәртібінде нақты бағдарламалар жоқ. Дегенмен Дағдарысқа қарсы қор жұмысының  жалпы бағыттары айқындалды.