Қарин: «Таза Қазақстан» экоакциясының идеологиясы — тазалық пен тәртіпті сақтау

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік кеңесші «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бір топ мүшелерімен бірге ағаш отырғызды.

Оның сөзінше, «Таза Қазақстан» акциясы бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды. Жұртшылық бұл бастамаға бірден қолдау көрсетті. Мемлекеттік кеңесші «Таза Қазақстанның» экологиялық акция ғана емес екенін, оның бүгінде азаматтарымыздың мінез-құлқы мен ой-өрісіне ықпал ететін идеологияға айналып келе жатқанын атап өтті.

— Бұл идеологияның түпкі мәні — тазалық пен тәртіпті сақтау, табиғатты аялау, мәдениетсіздікке, вандализмге және қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы күрес. Осылайша, «Таза Қазақстанды» қалыптасып келе жатқан жаңа қоғамдық этиканың бір жарқын көрінісі деуге болады, — деді Қарин.

Мемлекеттік кеңесші «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Фото: Ақорда

Осыған дейін Үкімет аппараты «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар