Үкімет аппараты «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет аппаратының қызметкерлері Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты.

Таза Қазақстан акциясы
Фото: Үкімет

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы ауданы 68,5 мың шаршы метрден асатын EXPO саябақ аймағының аумағында қарағай, қайың және басқа да ағаш түрлерінің көшеттері отырғызылды. Көрме алаңын көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде жалпы көлемі 9,2 мың ағаш, 25,5 мың көпжылдық бұта отырғызылған.

Үкімет Аппараты «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты
Фото: Үкімет

«Таза Қазақстан» аясында «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» экологиялық акциясы өтуде. Бір апта ішінде барлық өңірлерде 200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті.

Үкімет Аппараты «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты
Фото: Үкімет

Қоғамдық кеңістіктерді тазарту және ағаш отырғызу бойынша акциялар ұйымдастырылды, 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысандары ретке келтірілді, өзендер, көлдер және басқа да су айдындарының айналасындағы 5,8 млн шаршы метрден астам аумақ тазартылды.

Үкімет Аппараты «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты
Фото: Үкімет

Жалпы биыл экология және табиғи ресурстар министрлігі өңірлерге 300 мыңнан астам көшет жіберді. 2024 жылы қалалық орта мен экология саласындағы мәселелерді шешуге өтінім беруді жеңілдету үшін @TazaQazBot чат-боты жұмыс істейді.

Үкімет Аппараты «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты
Фото: Үкімет

«Таза Қазақстан» бастамасы іске қосылған сәттен бастап оған 6 млн-нан астам адам қатысты. Бір жыл ішінде шамамен 1,6 млн жасыл желек отырғызылып, 5,8 млн шаршы метрден астам жағалау аймақтары ретке келтірілді, 1,1 млн тонна қоқыс жиналды.

Осыған дейін елордалық жас теннисшілер «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіргенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар