Тәжікстан - Қазақстанның Орталық Азиядағы экономикалық және саяси маңызды серіктесі - М.Әшімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Мәулен Әшімбаев Тәжікстан халықтық-демократиялық партиясы делегациясымен кездесті, деп хабайлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
None
None

Кездесуде екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев Тәжікстан Қазақстанның Орталық Азиядағы экономикалық және саяси маңызды серіктесі екенін атап өтті. Тараптар Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үрдістерге баса назар аударды.

Өз кезегінде Тәжікстан халықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Асрор Латипов біздің еліміздің қарқынды даму деңгейін сөз етті.

«Сіздердің президенттеріңіздің туған халқы үшін жасап жатқан еңбегі зор. Оған Қазақстанның барлық саладағы орасан жетістіктері дәлел», - деді А. Латипов.

Партияаралық ықпалдастықты дамыту тақырыбы да әңгіме өзегіне айналып, әсіресе фракциялық деңгейдегі қадамдарға көңіл бөлінді.

Өз сөзінде М. Әшімбаев әріптестерін Тәжікстан халықтық-демократиялық партиясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтай келіп, партияның елдің тұрақтылығы мен экономикасын дамытудағы рөліне тоқталды.

Сондай-ақ Асрор Латипов «Нұр Отан» партиясы мен Тәжікстан халықтық- демократиялық партиясы мүшелері екі ел басшылары жүктеген маңызды тапсырмаларды жүзеге асыруға барынша ықпал ететінін айтты.

Соңғы жаңалықтар